$ 481.84  531.33  5.07

«Қазгеология мекемесінің басшылығы жалақыларын екі есеге көтеріп алған» - Антикор

Антикор таратқан деректерге қарағанда, тергеу жалғасуда.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді», - деп жазды ведомстводан.

Антикор таратқан деректерге қарағанда, тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#антикор