$ 494.87  520.65  4.91

«Тауарға халықтың қолы жетпей отыр»: Жамбыл облысында қордағы әлеуметтік азық-түлік шіріп кеткен

Әлеуметтік қорда тоңазытқыш істемей қалып пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат сияқты көкөністі қоқысқа тастауға мәжбүр болған.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында миллиондаған қаржыға сатып алынған әлеуметтік азық-түлік шіріп кетті. Салдарынан дүкен сөрелері қаңсып қалған. Әлеуметтік дүкен желісінің басшылары әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қордағы азық-түлікті қолдан шірітіп алған деп отыр. Енді тапшылықтың соңы жаппай қымбатшылыққа әкелді дейді, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы.

Мұндай әлеуметтік дүкен желісі екі жыл бұрын ашылған еді. Бастапқыда мақтауы келіскен дүкен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан қаржыландырылып, арзан бағада азық-түлік сатуы тиіс болған. Бірақ қазіргі таңда сөрелері бос тұр.                   

“Енді облыс әкімі халықпен бірге болсын. Халықтың жағдайына қарасын. Келіп көрсін, араласын. Кабинетте отырғаннан ештеңе болмайды. Әлеуметтік дүкен аты ғана болып тұр. Басында бастағанда кәдімгідей жақсы болған”, – деді Тараз қаласының тұрғыны Мұратбай Шүкірәлиев. 

“Он күннен асты тауар мүлдем аз келіп жатыр. Халыққа жетпейді. Қазір келмейді. Өте аз. Қол жетпейді. Сүтке, картошкаға, пиязға сәбізге жете алмадық дейді. Не үшін әлеуметтік атаулы дейді? Әлеуметтік тауар жоқ өйткені. Жеткіліксіз”, – деп мәлімдеді сатушы Гүлжан Нұрымбетова. 

Әлеуметтік қорда тоңазытқыш істемей қалып пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат сияқты көкөністі қоқысқа тастауға мәжбүр болған. Бұған тікелей әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын айтыптайды. Дүкендер желісінің директорының айтуынша, аймаққа келген үкімет басшысына істелген жұмысты көрсетеміз деп тауардың бәрін тоңазытқышқа жинатқан. Бірақ Тараз ӘКК басшылары салғырттық танытып қолдан шірітіп алғанын дейді.

“Үкімет басшысы аймаққа келген уақытта. Сол кісіге жасалынған жұмыс нәтижесін өздері көрсету мақсатында бізге сондай өтініш қылды. СПК тараздың қоймалары бар. Біздің алған көкөністерімізді сақтайтын. Камераларға сақтауға өткізгенбіз. Бірақ та СПК Тараздың салғырттығынан дұрыс қадағаламай, холодильниктердің температурасын дұрыс пайдаланбаған соң біраз көптеген миллион ағып кетті”, – Әлеуметтік дүкендер желісінің атқарушы директоры Рахат Ашимов.

Осылайша, Үкімет басшысына мақтанып көрсетеміз деп қолдағы азық-түлікті жарамсыз еткен. Бірақ бұл уәжбен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация басшысы келіспейді.

“Кәсіпкер айтқан қоймадағы бұзылған азық-түлікке Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен әкімдіктің еш қатысы жоқ. Ол көкөніс тарату пункті екі жеке кәсіпкердің арасындағы шаруа. Ал әкім айтқан соң апардық дегені жалған”, – деді "Тараз" ӘКК" АҚ корпорациясының басқарма төрағасы Дәулет Әбілқайыров. 

Қазірдің өзінде әлеуметтік дүкен желілерінде азық -түлік тапшы. Биыл әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан несиенің берілмеуі жығылғанға жұдырық болды дейді. Қос тарап келісімге келе алмағандықтан, дүкендерде баға шарықтап кеткен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары