Қарағандыдадағы жылу электр орталағында ірі апат болды. ЖЭО-1 қаланың орталық бөлігін жылумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы Instagram-дағы @vk_gazeta парақшасы жазды. Онда Қарағандыдағы жылу электр орталағында ірі апат болғаны жазылған. Жылу желілерінің бүлінуіне жүк көлігі себеп болыпты.
Ол диаметрі 1000 мм порталды соғып, қиратып кеткен. Төтенше жағдайдың болғанын "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС диспетчерлік қызметі де растады.
Қазір қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.