$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте куәлігі жоқ жүргізуші оқушыларды тасымалдап келген

Ер адам мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте жургізуші куәлігі жоқ ер адам оқушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Отырар" Телеграм-каналының мәліметінше, заң бұзушы қала аумағында жүргізілген рейд кезінде "Қорғау-қауіпті жүргізуші" жүйесінің көмегімен анықталған.

"Қала көшелерінің бірінде жүргізуші тоқтатылып, құжаттары тексерілді. Белгілі болғандай, ер адам мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Соған қарамастан, қаланың жекеменшік мектептерінің бірінде оқушыларды тасымалдаумен айналысқан", - делінген хабарламада.

Нақтыланғандай, жүргізушіге "Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқаруы" бабы бойынша 50 АЕК айыппұл салынды.

Ол II топтағы мүгедек екенін ескере отырып, әкімшілік қамаудан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары