$ 481.84  531.33  5.07

Астанада курьер 24 ұялы телефонды клиентке жеткізбей, сатып жіберген

Алаяқ курьер құжатқа сатып алушылардың қолтаңбаларын қолдан жасап, гаджеттерді сатып жіберген.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Астанада курьер интернет-дүкеннен тапсырыс берген смартфондарды тұтынушыларға жеткізбеген деп хабарлады turkystan.kz.

Полицияға тауарларды жеткізу компаниясының өкілі хабарласқан. Ол курьер сатып алушыларды алдап, телефондарды ұрлап кеткенін мәлімдеген.

Тергеу барысында ЖШС қызметкері клиенттерге 24 телефонды жеткізбегені анықталды.

«Алаяқ курьер құжатқа сатып алушылардың қолтаңбаларын қолдан жасап, гаджеттерді сатып жіберген. Полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады», – делінген хабарламада.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт үй қамауына алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары