$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірімнің жұмбақ өлімі тергеліп жатыр

Полиция мәліметінше оқушылар ішімдік ішкен, кейін арада жанжал туған.

Ақтөбе облысы Айшуақ ауылында 11-сынып оқушысы 9-сынып оқушысын өлтірді деген күдікке ілінді. Полиция мәліметінше оқушылар ішімдік ішкен, кейін арада жанжал туған. Ал өлімге не себеп болғаны әлі анықталып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Марқұмның денесінде зорлық іздері табылмаған. 15 жастағы жасөспірімді күдіктінің өзі ауылдық амбулаторияға алып келген. Алайда дәрігерлер көмектесе алмапты. 

9-сынып оқушысы жүрек ауруына байланысты есепте тұрған. Алайда өліміне нақты не себеп болғаны әлі жұмбақ болып отыр. 

"Зорлық іздері доқ жасөспірімнің мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай жария етуге жатпайды", – деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары