$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент әкімдігі Қаңтар құрбандары туыстарының талабын орындауға мәжбүр болды

Бұл жайтқа қаңтар оқиғасында балалары қайтыс болған ата-аналардың наразылығы себеп болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкенттің бас шыршасы әкімшілік іскерлік орталықтан Наурыз алаңына көшірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласының әкімшілік іскерлік орталықта орнатылған бас шыршасы бұзылды. Бұл жайтқа қаңтар оқиғасында балалары қайтыс болған ата-аналардың наразылығы себеп болған. Сондықтан Қаратау ауданының әкімдігі бас шыршаны Наурыз алаңына көшіру жөнінде шешім қабылдапты.

«Қаратау ауданында жаңа жыл мерекесін атап өтуге 17 млн теңге қаралды. Мұның ішінде шырша қою, көшелерді безендіру, кранштейн орнату секілді өзге де жұмыстар кіреді. Былтырғы қаңтар оқиғасы кезінде шыршамыз жанып кетті. Сондықтан биыл жаңасын алып отырмыз. Қаратау ауданында орнатылатын шыршаның биіктігі 20 метрге жуық болады. Қазір шыршаны орнату жұмыстары жүріп жатыр» - деді Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов.

Ал, кешегі күні «Қиял әлемі» саябағының алдында әл-Фараби ауданына қарасты жаңа жылдық шыршаның шамы жағылды.

Оның аумағына 30-ға жуық жаңажылдық шағын сәулет мүсіндері орнатылды.

Айта кетейік, жаңа жылды атап өтуге Шымкент қаласындағы 4 ауданға қаржы бөлек-бөлек қаралған.

Кей ақпарат көздерінің жазуынша, жалпы көлемі 40 млн жуық қаржы жұмсалмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары