24.12.2022, 23:30

Садриддин Ахмедов қарсыласын бір раундта 4 рет нокдаунға жіберді (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз
Қарсыласы Оңтүстік Африка чемпионы болған.

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов өнер көрсетті.

Ахмедов Оңтүстік Африка Республикасының «Бульдог» лақап аты бар 40 жастағы боксшы Нкулулеко Мхлонгомен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек бірінші орта салмақта өтті және он раундқа есептелген. Нкулулеко Мхлонго бірінші раундтағы нокдауннан кейін екінші раундқа шықпады.

Осылайша Садриддин Ахмедов про-рингте он үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Нкулулеко Мхлонго он бірінші рет жеңіліске ұшырады. Мхлонго Оңтүстік Африка чемпионы болды, сонымен қатар WBF кіші белбеуіне ие болған.