$ 442.05  474.14  4.74

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Тараз қаласының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның бірқатар аймақтарында дауылды ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін, 26 желтоқсанда түнде екпіні 25 м/с-қа дейін барады.

Тараз қаласының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа дейін баратын жел соғады.

Қостанай облысындаоңтүстік-батыстан соғатын желдің күші өңірдің солтүстігінде 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында шығыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Оңтүстікте, Түркістан облысыныңтау бөктерінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы