$ 441.58  480  4.86

Месси әлем чемпионатында қандай рекордтар орнатты?

Месси әйгілі футбол королі Пеледен асып түсті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Футболдан Катарда аяқталған әлем біріншілігі аргентиналық Лионель Мессидің беделін одан әрі асқақтатты. Әлемнің үздік футболшысы аталған турнирде бірнеше рекордқа түзету енгізген. 

Нақтылап айтар болсақ, әлем чемпионатында өткізген матчтар саны бойынша Месси әйгілі неміс футболшысы Лотар Маттеусты басып озды. Катардағы финалдық матчты есепке алғанда, Лео әлем біріншіліктерінде жалпы есебі 26 кездесу өткізіп отыр.

Месси 2006, 2010, 2014, 2018 және 2022 жылғы доп додасына қатысса, Маттеус 1982, 1986, 1990, 1994 және 1998 жылғы бәсекелерде бақ сынаған. Аргентиналық ойыншы германиялық ардагерден бір матчқа артық ойнағанын айта кету керек. Сондай-ақ мергендер тізімінде Месси әйгілі футбол королі Пеледен асып түсті. Әлем чемпионаттарында ең көп гол соққан футболшылар арасында Лионель 13 голмен бесінші орында тұр.

Тарихтағы ең үздік сұрмерген - германиялық Мирослав Клозені қуып жету үшін Мессиге енді үш гол соғу қажет. Лионель Месси бір әлем чемпионатында төрт рет пенальтиді сәтті орындаған тарихтағы үшінші ойыншы атанды. Мұндай көрсеткішпен португалдық Эйсебио және нидерландтық Роб Ренсенбринк қана көзге түскен еді. Катардағы алты голдың төртеуін аргентиналық ойыншы 11 метрлік айып алаңнан салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Месси