$ 494.87  520.65  4.91

Орал тұрғыны сауда орталығында оңбай жарақаттанды

Сауда орталығының әкімшілігінен ақпарат алу мүмкін болмаған.

Оралдағы сауда орталығында әйел жараланып қалды, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Оқиға 25 желтоқсанда сауда ойын-сауық орталығында болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметіне қарағанда, қоңырау сағат 10.03-те түскен.

"Оң аяғының үштен бір бөлігі жыртылып, жарақаттанған 1982 жылғы әйел облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Аяғы эскалаторға қысылып қалған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл ақпаратты полиция да растады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға келушінің өз абайсыздығынан болған. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сауда орталығының әкімшілігінен ақпарат алу мүмкін болмаған. Операторлар басшылық қазір жоқ екенін айтып, дүйсенбіде қайта хабарласуды өтінген.

Бұл ретте оқиға куәгерлері "МГ" редакциясына сауда орталығындағы жартылай бөлшектелген эскалатордың суретін жолдаған. Алайда, оқиғаның дәл сонда болған-болмағаны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары