Астана қаласының № 2 көпсалалы ауруханасының дәрігерлері 28 жастағы қыздың өмірін сақтап, оның ағзасындағы іріңдеу процесін тоқтатты. Оған бір жарым айда үш ота жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол 11 қараша күні тамақ ауруымен дәрігерлерге жүгінді. Дәрігерлер ауыр іріңді-қабыну ауруын анықтады. Қыздың жағдайы өте ауыр болды. Проблеманың басы тіс жұлудан басталған, ол ауыз қуысының түбіне, содан кейін мойынның терең бөліктеріне өтіп кеткен. Әрі қарай, іріңді процесс кеудеге түсіп кеткен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Дәурен Әбілдин мұндай жағдайдағы пациенттер 90% жағдайда тірі қалмайтынын айтты.