26.12.2022, 15:20

Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барды

Фото: ашық дереккөз
ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келді», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен аптада мемлекет басшысы Алматыда "Тағзым" мемориалының ашылу рәсіміне қатысты. Ал оның алдында президент жұмыс сапарымен Өзбекстанда болған еді.