26.12.2022, 22:30

Головкин мен Мурата арасындағы кездесу үздік 5 жекпе-жек қатарына енді

Фото: Philip Fong/AFP via Getty Images
Бұл жекпе-жекте Головкин тоғызыншы раундта жеңген болатын.

DAZN стриминг платформасы 2022 жылы өздерінің сервисінде көрсетілген үздік бес кәсіби бокс айқасының видеосын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Олардың тізіміне 9 сәуірде Сайтамда (Жапония) өткен Геннадий Головкин - Риота Мурата WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін айқасы енген.

Бұл жекпе-жекте Головкин тоғызыншы раундта жеңген болатын.

Сондай-ақ, бұл видеоға мына жекпе-жектер енді: Ли Вуд — Майкл Конлан, Кэти Тейлор — Аманда Серрано, Сауль «Канело» Альварес — Дмитрий Бивол және Хуан Франсиско Эстрада — Роман Гонсалес.

2022 жылы Геннадий Головкин екі айқас өткізді. Муратамен айқастан кейін «Канеломен» трилогияны жауып, төрешілердің бірауыз шешімімен есе жіберді.