29.12.2022, 16:00

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан нәрестенің мәйіті табылды

Фото: ашық дереккөз
Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді.

Таразда қоқыс жәшігінің жанынан шала туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды  Polisia.kz сайты.

«29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Тараз қаласының полициясына Байзақ батыр көшесіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластикалық шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел-тергеу тобы барды. Сәбидің денесі Жамбыл облысының мәйітханасына жеткізілді» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оның анасы кім екені анықталу үстінде.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.