Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.
Мемлекеттік стипендия 31 әдебиет қайраткеріне, 37 өнер қайраткеріне тағайындалған.
Олардың арасында актер Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, актриса Меруерт Өтекешева, Самал Еслямова, әнші Бибігүл Төлегенова, Нүсіпжан Нұрғали, композитор Ілия Жақанов, ақын Айтқожа Марфуға, Күләш Ахметова, Ақұштап Бақтыгереева, Жүрсін Ерман, жазушы Дулат Исабеков, Төлен Әбдікұлы, Әкім Тарази, Смағұл Елубаев, Олжас Сүлейменов, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков сынды белгілі тұлғалар бар.
Дереккөз: NUR.KZ