$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстан тұрғыны Tik-Tok-тағы 20 секундтық видео үшін жауапқа тартылды

Мұны көрген ауылдасы бұл видеоның оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтынын айтып, сотқа шағым түсірді.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғыны Tik-Tok-та видео түсіріп, ауылдасының ар-намысына тигені үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, танысымен жанжалдасып қалған әйел Tik-Tok әлеуметтік желісіне 20 секундтық видео жариялаған. Мұны көрген ауылдасы бұл видеоның оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтынын айтып, сотқа шағым түсірді.

Сот шешімімен әйел адам 90 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. 24 жастағы аудан тұрғыны пробация қызметінің есебіне алынып, қоғамдық жұмыстарды атқару үшін әкімдікке жіберілді. Енді ол күніне төрт сағат бойы көше тазалайды.

«Пробация қызметінің инспекторлары әйелдің жұмысты орындауын бақылайды. Егер ол қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заң шеңберінде шара қолданылады», - дейді Шемонаиха аудандық пробация қызметінің басшысы Гүлмира Бөлекбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары