30.12.2022, 14:20

Қайрат Боранбаев сотта сөз сөйледі

Фото Tengrinews.kz/Рабига Дюсенгулова
Ол өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты.

Қайрат Боранбаев сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кейінгі тоғыз айда айналамда қызық жайттар болды. Қаңтар оқиғасы отбасына қатысты адамның бәріне әсер еткенін түсінемін. Мен де отбасының мүшесімін, оны сіздер жақсы білесіздер. Конституцияда көрсетілген кінәсіздік презумпциясына сәйкес, оның кінәсі соттың күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады. Бірақ тоғыз айда Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз хабарламаларында мен және менің әріптесім зиян келтірді деп үнемі айыптаулар болды", - дейді Боранбаев.

Ол өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін айтты. Боранбаев, сондай-ақ, оған айып тағылған эпизод "әркім өз пайдасын алған әдеттегі сатып алу-сату келісімі" деп мәлімдеді.