Астрологтар барлық жұлдыз белгілеріне отбасыларынан қолдау іздеуге, жақындарымен қарым-қатынасты жақсартуға және мұқтаж адамдарға көмектесуге кеңес береді.
Тоқты 20 наурыз – 19 сәуір 2023 жыл сізге жоспарлауға көп кеңістік береді. Өмір бәрін орын-орнымен қойғанға дейін сізге импровизация жасау керек болады. Әр нәрсені жылдам түсінуге тырысыңыз: сізге бәрінен де осы дағды қажет болады. Ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған жоспар құрмаңыз, себебі өмір алдыңызға көптеген кедергілер қоюы мүмкін.
Мансап және қаржы: біреулерге ақша тұрақты түсіп тұрады, ал басқаларға шашылып келеді. Талап етілетін нәрселерді жасауға дайын болған кезде қаржылық тұрғыда өсесіз. Жаңа жылда көмек сұрап үйреніңіз. Алдыңыздан басқалардың кеңесінсіз немесе көмегінсіз істей алмайтын нәрселер шығады. Сондықтан байланыс желіңізді тиімді пайдаланыңыз.
Отбасы: үйіңізде сау әрі бақытты атмосфера болады. Отбасыңыз сіздің барлық бастамаларыңызды қолдайды. Тоқты-әкелердің балалармен сөйлесуі қиын болатын кезең туындауы мүмкін.
Торпақ 20 сәуір – 20 мамыр
Келер жылы сізге мүмкіндіктер, ақша, махаббат түріндегі тағдыр сыйлықтары келеді. Бірақ жомарт болып, айналаңыздағылармен энергияңызбен және назарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз. Қаншалықты көп берсеңіз, соншалықты көп аласыз. Өз-өзіңізбен, өміріңіздегі адамдармен және өз өміріңізбен тату болудың әдісін табыңыз.
Мансап және қаржы: ақша келеді және кетеді. Жинағыңыз артпайды, ал инвестицияңыз тұрақты болады. Сондықтан ақшаға деген көқарасыңызды өзгертіңіз.
Отбасы: жақындарыңызды тыңдауды жалғастырыңыз. Отбасыңызбен уақыт өткізу маңызды. Олар сізге қолдау білдіреді. Жаңа жылда жаңа үйге көшуіңіз мүмкін, ол отбасыңыздағы атмосфераны өзгертеді.
Егіздер 21 мамыр – 20 маусым
Соңғы кездері істеп жүрген нәрселеріңізді жалғастырыңыз. Жаңа жылдың энергиясы сіздің пайдаңызға бағытталады.
Мансап және қаржы: сіздің қажырлы еңбегіңіз өз жемісін береді, қаржы тұрақталады және сіз олардың тұрақты ағынын, материалдық әл-ауқаттың жақсарғанын, тіпті молшылықты сезесіз. Бірақ ол үшін көп жұмыс істеуге мәжбүр боласыз. Табысыңыз сіз жұмсаған күш-жігерге теңбе-тең болмақ.
Отбасы: жыл бойы отбасыңыз басқа адамдардың пікірлері мен оқиғаларының ықпалында болады. Ол оң да, теріс те болуы мүмкін. Олармен күресуді үйрену үшін уақыт қажет. Ескі отбасылық даудың татулықпен шешілуіне мүмкіндік бар.
Шаян 21 маусым – 22 шілде
Сиқырлы сәйкестіктерді күтіңіз. Өмір жолыңызға сізді қажет жаққа бағыттайтын белгілерді дайындап қояды. Сіз не ойлайтыныңызға және не қалайтыныңызға өте мұқият болуыңыз керек. Романтика, махаббат, адалдық – келер жылы сіз осыларды қалайтын боласыз. Бұл отбасын құруға қолайлы жыл. Жалғызбасты Шаяндар серіктеріңізбен ашық болуға тырысыңыз.
Мансап және қаржы: Кейбіреулер ата-анасынан мұра немесе сыйлық алады. Бірақ инвестициялауды таңдағанда абай болыңыз. Уәделер мен кепілдіктерге сенбеңіз. Барлық инвестицияларды мақсатқа немесе міндеттерге сәйкестендіріңіз.
Отбасы: жыл басында ата-аналармен келіспеушілік туындауы мүмкін, қарым-қатынасыңыз біраз уақытқа дейін шиеленісіп қалады. Ал балалар, керісінше, жақсы жаңалықтармен қуантатын болады.
Арыстан 23 шілде – 22 тамыз
2023 жылы іскерлік дағдыларыңыз бен біліміңізді қолдану қажет болады. Бұл мансап бойынша өсетін, тұлға бойынша дамитын және отбасылы болуға жақсы кезең.
Мансап және қаржы: Алда сіздерді бақытты күндер күтіп тұр. Бір кездері жіберіп алған мүмкіндік қайта пайда болады. Өмір сізге екінші мүмкіндік береді.
Отбасы: Жыл отбасылық өмірде табысты болады. Балалы болғысы келетін ерлі-зайыптылардың биылғы жылы арманын орындауға толық мүмкіндігі бар.
Бикеш 23 тамыз – 22 қыркүйек
Қабылдаған шешімдеріңізге сәйкес алға қарай жылжыңыз. Жоспарларыңыз жүзеге асады. Алайда бұл жолда сізге импровизация жасау керек болады. Барлық жол сізді мақсатыңызға апарады. Алайда бұл жылдам сапар болмайтынын ескеріңіз.
Мансап және қаржы: сізге еш пайда әкелмейтін нәрселерден бас тартыңыз. Жас отбасылар кірістер мен шығындарға жауаппен қарап үйрену керек.
Отбасы: ата-анаңызбен аздап келіспеушіліктер туындауы мүмкін, бірақ уақыт өте олардың бәрі шешіледі. Бұл отбасы құруға қолайлы кезең.
Таразы 23 қыркүйек – 22 қазан
Басқалармен энергияңызды қаншалықты аямай бөліссеңіз, сіз де соншалықты аласыз. Армандаңыз. Бұл жылы армандарыңыздың орындалуы әбден мүмкін. Тәуекел етуден қорықпаңыз.
Мансап және қаржы: сізге барлық жол ашылады. Дұрыс бағытта келе жатқаныңызға күмәніңіз болмасын.
Отбасы: отбасы мүшелерінен қажет махаббат пен қамқорды аласыз. Үйіңізде үйлесімділік болады.
Сарышаян 23 қазан – 21 қараша
Сізді махаббат, романтика және жауапкершіліктер жылы күтіп тұр.
Мансап және қаржы: қаржылық әл-ауқат жақсарады, кірістер ағыны тұрақтанады. 2023 жыл-жаңа өмір, сізге бұрынғыдан да батыл болу керек.
Отбасы: Отбасыңыз сізге қолдау білдіруін жалғастырады. Отбасы құрғысы келетін Сарышаяндар осы жылы серігін табуы мүмкін.
Мерген 22 қараша – 21 желтоқсан
Қателіктеріңізді түзеңіз және жанжалдарды шешіңіз. Өмір қайта жаңғыруға бағытталады. Жалғыз шеше алмайтын қиындықтар шығуы мүмкін, сондықтан басқалардан көмек сұраудан ұялмаңыз.
Мансап және қаржы: өз ресурстарыңызды дұрыс қолданыңыз. Байланыстарыңызды іске қосыңыз.
Отбасы: жақындарыңызға сіздің қамқорыңыз бен назарыңыз жетпейтін болады. Ескі отбасылық жанжалдар шешіледі.
Тауешкі 22 желтоқсан – 20 қаңтар
Қауіпсіздік жылы. Сізді жақсы көретін адамдар барына сенімді болыңыз.
Мансап және қаржы: серіктестік қатынастар табыс әкеледі. Ақша жаңа мекеме, инвестиция немесе жаңа жұмыс арқылы келеді.
Отбасы: Серігіңізбен адал болыңыз. Маңызды шешімдер қабылдарда отбасыңызбен ақылдасыңыз, олар сізге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Суқұйғыш 21 қаңтар – 18 ақпан
Сіз өзіңізге не істеу керегін нақты білесіз. 2023 жылы сіз өз интуицияңызға адал боласыз және басқалардың реакцияларына тәуелді болмай, өз қалауыңызбен әрекет етуге тырысасыз.
Мансап және қаржы: бұл жылы кіріс тұрақты болады. Өмір (кәсіби де, жеке де тұрғыда) керемет ырғақта дамиды. Алайда, өскіңіз келсе, нақты мақсат қойыңыз.
Отбасы: отбасыңызда махаббат және үйлесімділік сезімі орнайды.
Балықтар 19 ақпан – 19 наурыз
2023 жыл — тұрақтылық жылы. Жұлдыздар өз орнына тұрады, ал тағдыр өз мойнына жауапкершілік алады. Өмір сіз қалағандай керемет болады.
Мансап және қаржы: өсуге көптеген мүмкіндіктер болады. Алайда көп анализ жасаймын деп мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Ойлаған нәрсені жүзеге асыру үшін жылдам әрекет ету керек болады.
Отбасы: ол бұл жылдың маңызды тақырыбына айналады. Бұл жұлдыз белгісінің көпшілік өкілдері үшін 2023 жыл - отбасын құруға қолайлы жыл. Балықтар жақын адамдарына жағымды нәрселер жасауға ынталы болады.
massaget.kz