$ 439.43  473.31  4.82

Роналду ең көп жалақы алатын футболшы атанды

Бұл – футбол тарихындағы ең көп жалақы.

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду футбол тарихында ең көп жалақы алатын ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Marca сайтынан мәлім еткеніндей, 37 жастағы Роналду саудиялық «Аль-Наср» клубында жарнамалық келісімшарттарды қоса есептегенде, маусымына 200 млн-дай еуро алатын болады. Бұл – футбол тарихындағы ең көп жалақы.

Роналдудың жалақысы саудиялық клубпен келісімшарт бойынша 100 млн еуроға жетіңкіремейді. Коммерциялық құқықтарды жүзеге асырудың нәтижесінде қалған қаржының орны толады. Португалиялық ойыншы 2,5 жылға дейін келісімшартқа отырды. Дегенмен ол 2030 жылға дейін сол жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беретін Сауд Арабиясының елшісі рөлін атқармақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары