$ 443.37  474.49  4.83

Елімізде 3 мыңнан астам құтқарушы жаңа жыл түні кезекшілікте болады

Жедел әрекет етуге 1,2 мың құтқару техникасы әзір тұрғаны хабарланды.
© Photo : Пресс-служба МЧС
© Photo : Пресс-служба МЧС

Жаңа жыл түнінде елде 3 мыңнан астам құтқарушы кезекшілік атқарады.

Олар: өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары, төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері, авариялық-құтқару авиациясының ұшу персоналы, сейсмологтар, психологиялық қызмет өкілдері, кезекші жедел диспетчерлер.
ТЖМ бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жедел әрекет етуге 1,2 мың құтқару техникасы әзір тұрғаны хабарланды.

Министрлік азаматтарды мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары