$ 498.34  519.72  4.85

Талдықорған маңында жеңіл көлік аударылып, екі адам қаза тапты

Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы әйел жолаушы қайтыс болды.

Талдықорған маңында жеңіл автокөлік аударылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Жол-көлік оқиғасы 1 қаңтарда «Талдықорған-Үштөбе» тасжолының 10 шақырымында болды. 42-жастағы жүргізуші «Фольксваген Гольф» көлігінің рулін басқара алмай, жол жиегінен шығып кетіп, оның аударылуына жол берді. Оқиға орнында шетелдік неміс көлігінің жүргізушісі мен автокөліктегі 35-жастағы әйел жолаушы қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Құрметті жол қозғалысына қатысушылар!

Тағы да естеріңізге сала кетейік, өңір аумағында (31 желтоқсаннан 4 қаңтарға дейін) автожолдарды қар басып, көктайғақ блып тұр.

Осыған байланысты барлықтарыңыздан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен аспауды және жол қауіпсіздігі талаптарын елемеуді сұраймыз»,-делінген полицияның хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары