Денсаулық сақтау министрлігі мереке түнінде елімізде 240 бала дүниеге келгенін мәлімдеді. Арасында егіз сәби бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, 125 ұл және 115 қыз дүние есігін ашыпты.
Ең көп нәресте Түркістан облысында туылған– 44 бала, екінші орында – Атырау облысы, онда 29 бала дүниеге келсе, Алматыда 28 отбасы сәбилі болды.
Астанада жаңа жыл қарсаңында 17 бала дүниеге келді.