Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Мунайспецснаб» жұмысшылары наразылық акциясына шығып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Митинг видеолары әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеолардың бірінде жұмысшылардың атынан бір адамның сөйлеп тұрғанын, оның артында көп жұмысшы тұрғанын көруге болады.
«2023 жылы 1 қаңтар. «Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚазМұнайГаз басшы құрамына, Өзенмұнайгаз басшы құрамы Мақсат Ибағаровқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу: Қазіргі таңда біздің жұмысымыздың тоқтауына байланысты бұрынғы тендер бойынша жұмысымызды қалпына келтіруді сұраймыз», - дейді жұмысшылар.
Сонымен қатар, олар Өзенмұнайгаз компаниясына қарасты мекемелерге «Мунайспецснаб» жұмысшыларының атынан жолдама беруін сұрайды.