$ 489.06  536.21  5.05

Петропавлдық студент өртеніп жатқан үйден бір адамды құтқарып қалды

Үйдің есігін ашқан бойжеткен еңбектеп шығып бара жатқан ер адамды көрді. Мария оны түтінге оранған үйден шығаруға көмектескен.

Петропавлда жеке тұрғын үйден шыққан өрттен студент ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылғы 1 қаңтарда сағат 19:38-де Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 101 нөміріне Петропавл қаласының Жұмысшылар поселкесінде жеке ағаштан жасалған тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Үй ашық жалынмен өртеніп, көршілес ғимараттарға қауіп төнген. Өрт орнына жеткен облыс орталығының екі өрт сөндіру бөлімінің кезекшілері өртті сағат 20:41-де сөндірді.

Өрт орнынан үйде тұратын 1989 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өрт 48 шаршы метр аумақта жеке заттар мен жиһаздарды шарпыған. Жалынның шығу себебі анықталуда.

Куәгерлердің айтуынша, құрбандардың көп болуы мүмкін. Өрттің алғашқы куәгері – Жұмысшылар кентінің тұрғыны 19 жастағы Мария Симонова. Қалың түтінді алғаш көрген ол бірінші болып отқа жүгірді. Үйдің есігін ашқан бойжеткен еңбектеп шығып бара жатқан ер адамды көрді. Мария оны түтінге оранған үйден шығаруға көмектесті, содан кейін ол дереу өрт сөндірушілерді шақырды. 1990 жылы туған ер адам қолы мен басынан жеңіл күйік алған, ауруханаға жатқызуды қажет етпеген.

Мария Симонова ата-анасымен бірге өрттен алыс емес бір көшеде тұрады. Қалалық техникалық колледждің төртінші курс студенті, техник-механик мамандығы бойынша білім алуда.

“Адамдар қиындық көргенде, жай ғана шетте қалуға болмайды. Жауапты болу керек, сын сағатта жайбарақат өтіп кетпеңіз! Бұл өмірде бәрімізге қажет мінез осы», - деп атап өтті студент.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы бұл жағдайда Марияның әрекетін бірден-бір дұрыс деп санап, бойжеткенге батылдығы үшін алғысын білдіреді. Қыздың әрекеті колледж басшылығына жеткізіліп, оны көтермелеу мәселесі де қарастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары