$ 486.44  534.31  5.06

Елена Рыбакина Adelaide International 1 турнирінің фаворитін жеңді

Осылайша, Рыбакина маусымның алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Австралияның Аделаида қаласында өткен беделді жарысты сәтті бастады. Әйелдер арасындағы WTA 500 жарысының алғашқы кезеңінде Рыбакина америкалық Даниэла Коллинзді сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жекелей жарыстың екінші айналымына өту үшін Елена Рыбакина әлемнің 14-ші ракеткасы Даниэла Коллинзден басым түсті. Үш партиядаға созылған 2 сағат 21 минут уақытты қамтып, 5:7, 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. 

Осылайша, Рыбакина маусымның алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады. 

Енді Елена ширек финалға шығу үшін әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің 69-шы ракеткасы, Украина өкілі Марта Костюкпен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары