Елордада ауа райының қолайсыздығынан ұшақтар кешігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс штаттық режимде жүріп тұр, дегенмен кейбір әуе рейстері кешігуде.
«Қазір қонуы тиіс 10 рейс, ал ұшып кетуі тиіс 18 рейс кешігіп жатыр. Оған себеп ауа райының қолайсыздығы», - дейді елорда әуежайынан.
Сондай-ақ, әуежайдың ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмысы үздіксіз жүргізілуде.
«Жолаушылардан абай болуды, сондай-ақ өзекті ақпаратты авиакомпаниялар мен әуежайдың анықтаа бөлімінен білуді сұраймыз», - делінген хабарламада.