$ 443.44  480.51  4.88

Жезқазған тұрғыны әйелімен жанжалдасып, көшеге жалаңаш шығып кеткен (ВИДЕО)

Патрульдік полиция қызметкерлері 39 жастағы ер адамды ұстады.

4 қаңтар күні қалалық полицияның ЖБО операторлары Момышұлы көшесі бойында жалаңаш жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлады Полиция.

Патрульдік полиция қызметкерлері 39 жастағы ер адамды ұстады. Құқық бұзушы бірге тұратын әйелімен өзара жанжалдан кейін көшеге жалаңаш шыққанын түсіндірді.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-тің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары