Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісі болғанын хабарлады.
Зілзала 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 20:25 кезінде болған.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл көлемінде сезілген.
«Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат болған жоқ» деп мәлім етті Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.