Өткен тәулікте, яғни 5 қаңтарда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 211 адам тіркелді, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 589 адам коронавирус инфекциясынан (–2 410+ және 179 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 283 пациент стационарда, 2 306 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
12 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.