06.01.2023, 15:00

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі 7 наурызға дейін ұзартылды

Фото: ашық дереккөз
Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шықты.

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Оның айтуынша, 29 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шыққан.

"Сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту санкцияланды, бұл 2023 жылдың 7 наурызына дейін", - делінген хабарламада.