$ 490.84  536.88  5.04

ҚТЖ пойыздардың кешігу себебін айтты - жолаушылар нені білуі керек

Қазіргі ауа райы жағдайына байланысты көптеген бағыттағы пойыз кешігіп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Жолаушылар "Қазақстан темір жолы" қызметіне шағымданып, пойыздардың кешігуіне наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәселен, тұғындар Қарағанды бағытындағы пойыздар жарты жылдан бері үнемі кешігіп жүреді деп отыр.
Камила Айтмұқұшева Алматы-Қарағанды бағытында жиі қатынайды. Айтуынша, қыс мезгілінде ғана емес, бұл бағыттағы пойыздар жарты жыл бойы үнемі кешігіп жүреді.

"Қарағандыдан Алматыға пойыз 1,5 сағат кешігіп жүрді. Ал Алматыға үш жарым сағат кешігіп келді. Ауа райының қолайсыздығын түсінеміз, оған кешіріммен қараймыз. Бірақ бұл бағыттағы пойыздар жарты жыл болды, ылғи кешігеді", - дейді Камила Айтмұқұшева.

Қазіргі ауа райы жағдайына байланысты көптеген бағыттағы пойыз кешігіп жатыр.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік үшін темір жол учаскелерінде шектеулер қойды. Компания қозғалыс кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр", - дейді "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.

Компания өкілінің айтуынша, вокзалдарда кешігу туралы ақпарат таратылған. 1433 анықтама қызметі арқылы пойыздардың кестесі туралы мәлімет беріліп жатыр.

Пойыз 3 сағаттан артық уақыт кешіксе, смс-хабарлама жіберіледі. Құжаттарды тапсыру бойынша ақпарат мессенджері арқылы да ақпарат беріліп жатқан көрінеді.

"Пойыз 1 сағаттан астам уақыт кешіксе, әр сағат үшін билет құнының 3%-і қайтарылады. Егер пойыз 6 сағаттан астам уақыт кешіксе, мейрамхана вагондарында тегін тамақ беріледі", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары