$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды

Сот барысында алдын ала тыңдау өткізілді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Павлодардың No2 сотында облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы, полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот барысында алдын ала тыңдау өткізілді. 

Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке мемлекеттік сатып алулар кезінде патронаттық қызмет көрсету және еншілес компаниялармен келісім-шарт жасау кезінде 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және артиллерия сатып алуға арналған 420 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Еске салсақ, өткен жылдың 22 сәуірінде оған іздеу жарияланған болатын. Шілде айында Нұрлан Мәсімов Қазақстан-Ресей шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған жерінде ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары