$ 481.84  531.33  5.07

Сот Нұрлан Мәсімовке қатысты істі прокуратураға кері қайтарды

Оған халықаралық іздеу жарияланып, басына 12 млн теңге де тігілді.

Айыпталушының адвокаты Дмитрий Куряченконың сөзінше, орган тарапынан жіберілген айтарлықтай бұзушылықтар бар. Сондай-ақ, қылмыстық кімнің ұйымдастырғаны белгісіз деп отыр. 

Айта кетейік процесс Павлодар қалалық №2 сотында өтті. Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов, орынбасары Дамир Сира-зиди-мовпен бірге үлестес компанияға 420 млн теңгенің тендерін алып беріп сол үшін 90 млн теңгеден артық пара алды, деп айыпталуда. 

Кәрім Мәсімовтің немере інісі былтыр қыста өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалған соң із жасырып үлгерген. Оған халықаралық іздеу жарияланып, басына 12 млн теңге де тігілді. Әйтсе де, өткен жылдың шілде айында Қазақстан шекарасынан жасырынып өтіп Ресейге барған жерінде қолға түсті.

Дереккөз: inbusiness.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #Мәсімов