$ 441.66  475.14  4.86

Түркістан облысында егде жастағы ер адам жоғалып кетті

Бойы шамамен 160-167 сантиметр.

5 қаңтарда Түлкібас ауданы Қызылту ауылының тұрғыны Молдабек Игенбаев үйінен шығып кетіп, оралмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Түркістан облысы ТЖД басшылығы мен Түлкібас, Сайрам аудандарының полицейлері іздестіру шараларына жұмылдырылған. Іздеу жұмыстарына еріктілер де жұмылдырылды.

Белгілері: қара қалпақ, қара күрте, қара шалбар, аяғында қара резеңке галош. Бойы шамамен 160-167 сантиметр.

"Егер сізде жоғалған қария туралы ақпарат болса, дереу 8-(72538)-5-28-37, 8-771-600-00 05 телефондарына немесе 102 полицияға хабарласыңыз", - делінген полиция хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары