Түрік жігітімен тұрмыс құрған қазақ қызы өзін сынаған елге не себепті қазаққа тұрмысқа шыққысы келмейтінін түсіндіріп берді. Ол қазақ жігітімен болған алғашқы сәтсіз некесі туралы мысал келтіріп, енді түрік жігітімен бақытты өмір сүріп жатқанын айтады.
Бұл туралы Мадина есімді желі қолданушысы желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Неге түрік тидің, жүн к*тте нең бар, қазақ таппадың ба дегендер... кетіңдерші ары. Неге қазақ қыздары өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығады деп таңқалмаңыздаршы.
Міне, сіздерге мен мысал бола аламын. Қазақ жігітпен отау құрдым. Көзіме шөп салды, мазақ қылды, ұрды, жансақтау бөліміне де түсірді. Мен ажырастым. Себебі, өліп қаламын ба деп қорықтым. Содан 6 жыл өткеннен кейін барып шетел азаматына тұрмысқа шықтым. Елдің сөзіне қалдым. Менің өмірімді талқылауға қандай құқыларыңыз бар? Құдайға шүкір бәрі жақсы", - деген ол.
Мадинаның бұрынғы күйеуінен босанған қызы биыл 13 жасқа толады екен. Айтуынша, әкесі осы уақытқа дейін алимент төлемей келген.
"Қызым 6 жасқа келгенде түрікке тұрмысқа шықтым. Осы уақытқа дейін түрік күйеуім бағып жатыр. Кітабын, киімін, тамағын алып жатыр. Ал, туған әкесі ешқандай көмегін беріп жатқан жоқ", - деп ашынады Мадина.
"Барлық қазақ жігіттері жаман емес. Бірақ, жаман жігіттер өте көп. Мен өтірік айтып отырмын ба? Бұл шындық. Қыздарды бағаламайтын жігіттер Қазақстанда көп. Қаншама жас қыздар жылап жүреді. Қыздармен танысса да мәдениетсіз танысады. Қазақ қыздарын өздеріңіз бағаламасаңыздар осылай қазақ қыздары өзге елге кете береді. Жігіттерді жөндеу керек. Сонда қазақ қыздары ешқайда бармайды", - деп сөзін түйіндеген.