Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Абай облысының шығысы, оңтүстігі мен орталығында боран көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың батыс, орталық, оңтүстік бөлігіне оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с. Семей қаласында түнде және таңертең боран, көктайғақ болады.
Ақмола облысының солтүстігі, батысында бұрқасын болады. Солтүстігі, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігі, батысына оңтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні – 15 м/с. Солтүстігінде жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді. Көкшетау қаласында күндіз жолда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз 15-20 м/с жел тұрады.
Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде баяу бұрқасын болуы мүмкін. Батыс, солтүстік, орталығында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында көктайғақ, түнде баяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Астана қаласында оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.
Атырау облысының солтүстік, оңтүстік, шығысында көктайғақ, баяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, түнде солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың көп бөлігінде 17-22 м/с болады. Атырау қаласында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан тұрған жел солтүстікке ауысып, күндіз екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, облыстың солтүстік-шығысында қар жауады. Боран, көктайғақ болады. Солтүстік, шығыс, оңтүстік бөлігіне шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Өскемен қаласында боран, көктайғақ болады.
Жетісу облысының солтүстігі, орталығы мен таулы аймағында түнде және орталығы мен оңтүстігінде күндіз көктайғақ болады. Солтүстік-шығысқа оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының шығысы, оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік, шығысына солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел тұрады. Жылдамдығы – 15-20 м/с. Ауа температурасы күрт төмендеп минус бір, плюс төрт градус, оңтүстігінде минус 10 градус болады. Орал қаласында түнде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігіне оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының көп бөлігінде қар жауады, күндіз облыс аймақтарында жауын-шашын болады (қар, жаңбыр). Боран тұрады. Облыс орталығында көктайғақ болып, тұман түседі. Облыстың солтүстік, шығысына оңтүстіктен соққан жел біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады. Екпіні – 15-20 м/с, шығысында – 23-28 м/с. Қостанай қаласында бұрқасын болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде күндіз көктайғақ болады. Облыс орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласының кей жерлерінде тұман болады.
Маңғыстау облысындасолтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с болса, солтүстік-батысында 23 м/с дейін жетеді. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел тұрып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысындаборан тұрады. Күндіз батыс, солтүстікке оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде қар жауады. Солтүстік, батыс бөлігінде боран, күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Облыстың солтүстік, батыс бөлігіне түнде оңтүстік-батыстан жел соғып, 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Петропавл қаласында жаяу бұрқасын болады. Күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні күндіз 25 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батыс, оңтүстік, таулы және тауға жақын аймақтарына оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен жел соғады. Жылдамдығы – 15-20 м/с. Түркістан қаласында 15-20 м/с оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел тұрады.
Ұлытау облысының солтүстігі, батысында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Шымкент қаласында жылдамдығы 15-20 м/с болатын оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел тұрады.
Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында аралас жауын-шашын түсіп, ауа температурасы қолайлы болатындықтан, өзен суының деңгейі көтеріліп, беткейлік ағын түзілуі мүмкін, ал Алматыда қардың қалың әрі тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен өзен бассейндерінің тау баурайында қар көшкіні жүру қаупі бар.