Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар бірінші ауысымдағы сабақты қашықтан оқитын болды
Абай облысында Семей және Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Аягөз аудандарында бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері онлайн білім алады. Қалған аудандарда сабақ әдеттегідей офлайн режимде өтеді.
Шығыс Қазақстанның Глубокое ауданында 0-11 сынып оқушылары үйде қалады.
Қостанай облысында облыс орталығы мен Рудныйда, Амангелді, Жангелдин, Жітіқара аудандарында балалар мектепке бармайды.
Сонымен қатар Павлодар және Ұлытау облыстарында 0-11 сынып оқушылары және колледждің 1,2 курс студенттері қашықтан оқиды.
Еске сала кетейік, кеше Астанада 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн форматқа ауысатыны хабарланған.