$ 443.44  480.51  4.88

Еліміздің 6 қаласында пәтер бағасы күрт өскен

Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2022 жылы тұрғын үй нарығындағы баға қалай өзгергені жайлы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы баға алғаш рет арзандады.

Айлық мәнде (желтоқсаннан қарашаға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді.

Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.

Бір жылда (2022-2023 желтоқсан) қолданыстағы пәтер саудасындағы баға – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 15,6%-ға өсті.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.

Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%, Ақтауда 26,6%, Семейде 22,3% қымбаттады.

Қолданыстағы пәтер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%).

Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласында (53,1%) қатты қымбаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары