$ 494.87  520.65  4.91

Ертең бірнеше өңірде сабақ онлайн өтеді

Колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады.

10 қаңтар күні Астана мен бірнеше өңірде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн оқуға көшіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары, колледждердің 1 және 2-курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралады.

Ақтөбе облысында 10-11 қаңтарда 0-11 сынып оқушылары онлайн оқиды.

Абай облысының Семей қаласында бейсенбі күні бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің барлық курс студенттері үшін сабақ қашықтан өткізіледі.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Ұлытау облысында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптар үйден білім алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#онлайн #сабақ