Алматыдан 25 шақырым жерде жер сілкінісі болды.
ТЖМ "СОМЭ" сейсмикалық станцияларының желісі жер асты дүмпулерін 10 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 04:12-де тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы -9.0. MPV магнитудасы -4,2. Тереңдігі 20 шақырым.