Талғар қаласында селден келген шығынның мөлшері анықталды, деп хабарлайдыTengrinews.kz.
Еске сала кетсек, Талғар қаласында 17 шілдеде сел жүрген болатын. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбековтің айтуынша, визуалды есеп бойынша, бүгінде Талғарда селден келген шығын көлемі - 810 159 357 теңгені құрайды. Талғардың оң жағалауынан селден қорғау бөгетіне дейінгі арналы су құбырын қалпына келтіруге 30 537 000 теңге.Ал, Талғар өзенінде өткелді жөндеу үшін 46 млн. теңге, Талғар топтық сутаратқышынан сүзгілеу станциясына дейінгі кесікті жөндеуге 53 млн. теңге қажет,
— Алматы шаруашылықаралық арнасын жөндеуге 163 891 000 теңге, таза су резервуарынан Талғар өзенінің сол жағалауындағы су торабына дейінгі диаметрі 630 мм болатын құбыр кесігіне 81 961 000 теңге, қолданыстағы 10 жерасты ұңғымасын тазартуға, алты терең насосты алмастырып-жөндеуге 58 646 00 теңге, Талғардың төменгі бөлігіндегі көпірді жөндеуге 127 895 000 теңге, Талғар өзені арнасының нығайту жұмыстарына 86 766 000 теңге, Еңбекшіқазақ ауданында шайылған бөгетті қалпына келтіруге 97 259 000 теңге қажет, — деді ол.
Досымбековтің айтуынша, тұрғындардың мүлкін қалпына келтіру үшін 37 517 000 теңге қажет. Олар: бес автокөлік, алты бас ірі қара, тұрмыстық бұйымдар, киім-кешек, жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын жылжымайтын мүлік нысандары. Дегенмен, Талғар тұрғындары мүліктерінің құжатын әлі толық ұсынбаған.
— Қазір аумақ тазартылып жатыр. Тракторлар, тіркемелер, қызметтік екіпәтерлі кордон, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ, шатырлы демпинг, саяжай учаскесі жұмылдырылды. Шығынды есептеу жұмыстары жалғасып жатыр, көбі әлі құжаттарын тапқан жоқ. Шығын сомасы әлі де көбейеді, — дейді Досымбеков.
Оның айтуына, қазіргі уақытта Талғарға су беріліп жатыр. Ұңғымадан су беріліп жатқанына қарамастан, су тасушы көліктер тағы бірнеше күн бойы қатынайтын болады. Бұған дейін сел кезінде сутаратқыштың зақымдануына байланысты қаланың бір бөлігінің сусыз қалғаны хабарланған еді.Талғарда сел 17 шілде күні жүрді. Орман шаруашылығының үш кордоны, автокөлік жолының учаскесі, екі кафенің уақытша террасасы су астында қалды. Сонымен қатар, жұмыс істемей тұрған лагерьдің жекелеген құрылыстары да бұзылды.