Алматыда олигархтардың балалары шығарды деген төбелесті полицейлер тергеп жатыр.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.
«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды» делінген хабарламада.
Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.