$ 487.37  532.94  5.09

Шардараның маңында орналасқан 22 елді мекенді топан су басу қаупі бар

Былтырғы осы күнмен салыстырғанда, су жүз пайыз артық болып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Шардара» су қоймасы мерзімінен бұрын толып, көктемде апаттық жағдай болуы мүмкін. Себебі Сырдария өзенінің ағысы арта түскен.

Қазір су қоймасына тәулігіне орташа есеппен 42 млн текше метр су келіп жатыр. Сондықтан көктемгі жауын-шашында су тасқыны болу қаупі жоғары.

Облыс әкімі осы мәселе бойынша тиісті сараптау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Себебі еліміздегі ең үлкен су қоймасында апаттық жағдай болса, 34 мың халқы бар 22 елді мекенді су шайып кетеді. Сондықтан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне хат жолданып, тиісті ұсыныстар жасалған.

Сала мамандары су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен апаттық жағдайдың алдын алу үшін Үкімет деңгейінде штаб құру керек деп санайды.

«Былтырғы осы күнмен салыстырғанда, жүз пайыз артық болып отыр. Сондықтан қазір су деңгейін Қызылорда облысына қарай біртіндеп жіберу керек сияқты», - дейді «Қазгидромет» РМК облыстық филиал басшысы Махамбет Жақызбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары