$ 490.84  536.88  5.04

Алматыда олигархтардың ұлдары төбелес шығарды

Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыда олигархтардың балалары шығарды деген төбелесті полицейлер тергеп жатыр.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.

«Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді. Төбелеске қатысушылар анықталып, жауап алынды» делінген хабарламада.

Қақтығысқа қатысушылардың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу бөлімі жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары