$ 441.58  480  4.86

Белгілі сарапшы қазақ боксшыларының негізгі кемшілігін айтты

Егер келесі айқасқа дейін үзіліс осындай болса, онда карьералары бітті дей бер.

Қазақстаннан мықты боксшылар жиі шығады. Әуесқой бокста белгілі бір дәрежеге жетіп, кәсіпқой додаға ауысқанда жолы болмай жатқан спортшылар да жоқ емес. Ал мұынң бірден-бір себебі нашар промоутермен жұмыс істеу, деп пікір білдірді америкалық журналист Джек МакКаферри. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Қазақстан боксшылары өте талантты. Головкин мен Әлімханұлынан басқа да жақсылары жетіп-артылады. Алайда, GGG мен Жәнібектің жолы болып, тәжірибелі промоутерлермен жұмыс істеп жүр. Мамандар уақытты дұрыс пайдаланып, оларды жақсы жетелеп келеді. Ал өзге қазақстандықтардың көбі уақытын бекер жоғалтуда. Жүкембаев, Ахмедов, Дычко мен Елеусінов – нашар менеджерлердің құрбаны. Садриддинде жарақат болды, ал өзгелерінде жекпе-жек өткізуге қажеттінің бәрі бар еді. Енді Елеусінов ұзақ айқаспай титулынан айырылды, ал Дычко элитаға кіру мүмкіндігін жоғалтты.

Алматыда өткен кейінгі бокс кешіндегі Жүкембаев пен Ахмедовтың оралуы нашар болды. Егер келесі айқасқа дейін үзіліс осындай болса, онда карьералары бітті дей бер. Оларға Канадаға оралу немесе басқа елге бару туралы ойланған жөн. Ресми жекпе-жектермен келетін үзіліссіз тәжірибе қажет. Айқассыз рейтинг жинап, өзіңді таныту мүмкін емес», – дейді сарапшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары