10.01.2023, 22:30

Жаркентте 3 айлық қызды пышақтап өлтірді

Фото: ашық дереккөз
Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алып отыр.

10 қаңтарда Жаркент қаласында (Жетісу облысы) жан түршігерлік қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Жаркентте жаңа туған нәрестені пышақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алып отыр.

Басқа мәліметтер, департаментте атап өткендей, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді.

Тегтер: Жаркент