10.01.2023, 23:30

Қарағандыда адам шығыны тіркелген жойқын жарылыс болды

Жарылыс болған пәтерде үш адамның мәйіті табылды. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген.

Қарағандыдағы жарылыс болған пәтерден үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Өрт сағат 22:37-де сөндірілген.

"Жарылыс болған пәтерде үш адамның мәйіті табылды. Тағы бір зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, қайтыс болғандар - екі ер адам, бір әйел", - деді Талғат Иманқұлов.

10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағандыдағы Республика даңғылы, 18/2 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама түскен. 18 қабатты үйдің 8-қабатында газ жарылған.