Әлеуметтік желіде оқушы қызды ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны жария еткен қыз кешірім сұрады, деп жазады BAQ.KZ. Мен әлеуметтік желіге қыздардың төбелесіп жатқан видеосын салғаныма кешірім сұраймын. Сөйлеген балағат сөздерім үшін де бүкіл елден кешірім сұраймын, – деді ол.
Сонымен қатар оның әкесі де қызын кешіруін өтінді.
Бүгін әлеуметтік желіде жасөспірімдердің оқушы қызды ұрып-соғып жатқан видеосы таралған болатын. Аталған факт бойынша іс қозғалды.