$ 494.87  520.65  4.91

«Көлік алып беремін»: Астанада танысын алдап кеткен ер адам ұсталды

1 млн 300 мың теңгесінен айырылып қалған.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, танысы оған несиеге автокөлік алуға көмектесемін деп ақша қаражатын иемденіп кеткенін айтып арызданған. Бұл туралы Azattyq Ruhy елордалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жолмен ақша иемденген 33 жастағы қала тұрғынын анықтады.

«Тергеу барысында анықталғанындай, ер адам автонесиелеу компаниясында танысы жұмыс істейді деген сылтаумен жәбірленушінің сеніміне кіріп, несиеге автокөлік алуға көмектесемін деген уәдемен жәбірленушінің 1 млн 300 мың теңге көлемінде ақшасын алған. Содан кейін ол әртүрлі сылтаулар айтып, уәдесін орындамай хабарсыз кеткен. Алданып қалғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Аталған фактіге қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады, ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді, күмәнді мәмлелерден бас тартуды ескертеді», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары